• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 28 Қараша, 2022

Қор биржасында доллар қымбаттады

182 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,99 теңгені құрап, 2,57 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы сәл өсіп, 64,84 теңгені құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 483,58 теңгеге, рубль бағамын - 7,69 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды - 466-469 теңгеден, еуроны - 483-490,5 теңгеден, ресей рублін - 7,28-7,43 теңгеден сатып алады/сатады.