• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қараша, 2022

Мұхтар Базарбаев пен Марат Принбековке қатысты тергеу аяқталды

262 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті «AlanParking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев пен «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеуніктерге 436 млн теңге көлемінде қаражат жымқыру фактісі бойынша айып тағылған еді. Келтірілген залал толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Бас фигурант және қылмысты ұйымдастырушы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды», деп хабарлады Қаржылық мониторингі агенттігі.

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.

Еске сала кетсек, 14 сәуірде «AlanParking» ЖШС Бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Ал 18 сәуірде полиция «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Принбековті ұстады.