• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2022

Жеті мыңнан астам жүк вагондары жөнделді

410 рет
көрсетілді

Биыл тонналап жүк тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 104%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк вагондары паркі тозудың орташа деңгейімен алғанда 43%-ды құрайды. Яғни 132 мың бірліктен тұрады. Жалпы салаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Жыл басынан бері «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндегі 7012 жүк вагонында депо жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оларды жөндеу үшін жыл сайын вагон паркінің жағдайы ескеріледі. Пайдаланылатын вагон паркінің техникалық жай-күйі вагондардың сенімділігімен, жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасымен және басқа да сипаттамаларымен айқындалады.

«2020 жылдан бастап «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндегі жүк вагондарын жөндеу «Теміртранссервис» ЖШС тұлғасында заңды тұлғалардың уақытша бірлестігімен («Теміртранссервис» ЖШС және «AstanaRailwayServices» ЖШС) жасалған жүк вагондарына сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұзақ мерзімді сатып алу туралы шарт арқылы жүргізіледі. Бұл бірқатар негізгі емес функцияны алып тастауға және жұмыс істемейтін парктің өсу қаупін азайтуға мүмкіндік берді», деп жазылған хабарламада.

– 2022 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша жүк вагондарына күрделі жөндеу жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, 575 вагон жөнделді. 2022 жылға барлығы 641 вагонды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, – деді «Қазтеміртранс» АҚ-ның бас инженері Нұрлан Жүсіпов.