• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2022

Ақ төсті тұқан – Алматы зообағының жаңа тұрғыны

422 рет
көрсетілді

Алматы зообағына әке­­­лінген ақ төсті тұ­қан­дардың (тукан) видеосы зообақтың әлеу­меттік же­лідегі парақ­шасында жарияланды.

 

«Құстар Армения астанасы – Ереван қаласынан әкелінді. Олар әлі кішкентай, екі жаста. Қазір олар аквариум жанындағы Құстар үйінде тұрады. Тоқылдақ тәрізділер класына жататын, тұмсығы мүйізге ұқсас бұл құстардың отаны – Оңтүстік Америка ормандары», деп хабарлады зообақ өкілдері.

Сондай-ақ зообақта тұқан­дардың вольерге тез үйреніп, өздерін күтуші киперлермен достасып, көпшіліктің сүйікті құсына айналғанын хабарлады. Тропикалық құстар банан, апельсин сияқты же­міс­термен қатар, тышқан, құс жұмыртқаларымен қорек­тенеді. Тұқандар 20 жыл өмір сүреді. Ақ кеуделі тұқан Ха­лықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.