«Байтақ» партиясының алғашқы съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 1450 адам жиналды. Бұл туралы партия басшысы Азаматхан Әміртай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматхан Әміртай өз сөзінде партия алдағы жеті жыл ішінде қандай мәселелерді көтеретінін айтты. Олардың қатарында Түркістан облысының Келес ауданындағы тас карьерінің жабылуы, Жылыой ауданы тұрғындарының мәселелері бар.
«Мұндай мысалдар көп. Адамдар партияға сеніп, съезге келді. Олар әлеуметтік мәселелердің шешімін бірге табуға болатындығын түсінгендіктен келді», деді Азаматхан Әміртай.
Оның айтуынша, партияның негізгі міндеті - елдің экологиялық мәселелерін шешу.
Айта кетсек, жаңа партия Әділет министрлігінде тіркелді.