• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Қараша, 2022

Доллар тағы қымбаттады

152 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 468,90 теңгені құрап, тағы 0,56 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 65,57 теңгені (+0,30) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 485,43 теңгеге, рубльді  - 7,67 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 468-471,5 теңгеден, еуроны 485-490 теңгеден, ресей рублін 7,27-7,47 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 30 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.

Мәселен, Brent маркалы қаңтар фьючерстерінің құны 1,13%-ға өсіп, барреліне 83,97 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 79,09 долларды құрап, 1,14%-ға көтерілді.