• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2022

Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан

265 рет
көрсетілді

Полицейлер Кербұлақ ауданында ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған. Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ АПБ қызметкерлері ұстаған.

– Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2–бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.