• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қараша, 2022

Еуропадан жеңіспен оралды

326 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, сондай-ақ спорт мектебінің басшылары Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан жеңімпаз боп оралған Элина Базарова мен эстетикалық топтық гимнастикадан Грацтағы (Аустрия) әлем чемпионатынан 3-орын иеленіп қайтқан «Кармелиты» командасының мүшелерін әуежайдан салтанатпен күтіп алды.

Ұлттық құрама сапында өнер көр­сететін шымкенттік ару, былғары қолғап шебері Э.Базарова 54 кило сал­мақта жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионы атанды.

Жерлестерін желпінткен жеңім­паздарды Шымкент жұртшылығы жылы шыраймен қарсы алды.

«Сонау Испания төрінен, алыс­тағы Аустрия жерінен еліміздің атын шығарып, көк байрағымызды желбі­ретіп қайтқан ару спортшылардың жеңістері мен жүлделері барша шым­кенттік жанкүйерді ерекше қуантып отыр. Әлбетте спорт саласында же­тіс­тікке жеткен осындай жастардың ісіне сүйсінетін, солар секілді биікке ұм­­тылуға, еліктеуге талпынатын за­ман­дастарының ортадан табылары хақ. Сондықтан бұл жеңістер алда күтіп тұрған бұдан да үлкен сайыстарға жол ашатынына сенеміз. Шымкент қаласының спортын әлемдік жарыста олжа салу арқылы бір саты жоғары көтерген өрендерге алғысымыз шек­сіз. Келешекте әлі талай спорттық бәсе­келер болады. Сол жарыс­тарда тағы да Сіздерді жүлделі орыннан көре­міз деген үміттеміз. Шым­кенттік спортшылардың әлемдік спорт аренасында жүлдесіз қайтпауы ме­гаполис­те бұл салаға көңіл бөлініп жатқанын білдіреді және алдағы уақытта да бұқаралық және кәсіби спортқа жасөспірімдер мен жастарды баулу ісі қарқынын күшейтпесе, кемітпейді. Жас өрендерді спортқа тарту, еліміздің атын шығарар түрлі жа­рыстарға дайындау мәселесі әр­дайым басты назарда тұрады», деді құт­тықтаумен бірге ақжарма тілегін қоса жеткізген қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан.

Айта кету керек, Э.Базарова әлем чемпионатында төрт кездесу өткіз­ген. Соның бәрінде де қарсы­­лас­тарын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Финалдық кездесуде гер­маниялық Куцохристоу Кри­со­ва­лан­тумен жұдырықтасып, жігер мен шеберлігінің арқасында ж­е­ңіске жетті. Осылайша, бапкері мен жанкүйерлерінің үміті ақталды. Ал жалпы осы додада қазақ елі­нен бар­ған боксшыларымыз 7 медальды қан­жығаларына байлап, жал­пыко­мандалық есепте үшінші орынды алып қайтты.

Өз кезегінде эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты да өте тартысты өтті. Бәсекесі жоғары спортта Қазақстан құрамасы сапында Элина Кан, Саида Патшахан, Аида Жақсыбек, Сәния Тұрдыбай, Сабина Елубаева секілді өрендер сайысқа түсіп, жүлделі орын үшін таласта нәтиже шығара білді.

 

ШЫМКЕНТ