• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Желтоқсан, 2022

Италиялық легионермен толықты

294 рет
көрсетілді

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жетекшілік ететін Astana Qazaqstan Team велокомандасы құрамын тағы бір шетелдік легионермен толықтырды.

Бұған дейін «Астананың» жастар командасында бірнеше әлемдік турларға қатысқан 20 жастағы италиялық шабандоз Джанмарко Гарофоли келесі жылдан бастап Astana Qazaqstan Team велоклубында екі маусым өнер көрсететін болды.

Джанмарко Гарофоли Италияның талантты жас велошабандоздарының бірі саналады. Ол 2019 жылы Италияның жастар арасындағы командалық чемпионатында үздік шықса, сол жылы «Трофео Буффони» турында топ жарды. Ал 2021 жылы «Джиро Валле д’Аоста» кезеңдерінің бірінде жеңіске жетіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Осы нәтижелерінің арқасында Гарофоли Astana Qazaqstan Team жастар құрамына алынып, бірнеше жарыста бақ сынады. Атап айтқанда ол, Veneto Classic және Giro del Veneto жарыс­тарын үздік төрттіктің қатарында түйіндеді.