• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Желтоқсан, 2022

Демалыс күндері 34 градусқа дейін аяз болады

329 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

«Түнде батыста ауа температурасы 10-22 градус аяз, оңтүстік-батыста 3-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аяз, орталықта 13-22 градустан 20-30 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің шығысында 25-34 градус аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15 аяз, таулы аймақтарда 15-20 аяз болады», делінген хабарламада.