• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы қайта өсті

232 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-да доллардың орташа өлшенген бағамы 468,98 теңгені құрап, 0,73 теңгеге көтерілгенін хабарлады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 66,55 теңгені (+0,14) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 489,06 теңгеге, рубльді - 7,66 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 468,5-472 теңгеден, еуроны - 493-498 теңгеден, ресей рублін - 7,32-7,47 теңгеден сатып алады/сатады.

Сондай-ақ 2 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23%-ға өсіп, барреліне 87,08 долларға жетті.

West Texas Intermediate (WTI) маркалы американдық мұнай фьючерстері барреліне 81,28 долларға дейін 0,07%-ға өсті.