• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 05 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Франция 1/8 финалдық ойында Польшаны жеңді

354 рет
көрсетілді

Катардың «Эль-Тумама» стадионында Франция мен Польша құрамалары әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі әлем чемпионы Польша құрамасын 3:1 есебімен ұтты. 

Польшамен өткен ойында Франция бірінші болып гол соқты. Нақтырақ айтсақ, Оливье Жиру 44-минутта есеп ашты. Ал 74-минутта Килиан Мбаппе есепті 2:0-ге жеткізді. 90+1-минутта Килиан Мбаппе дубль жасады. Есеп - 3:0. 

Польша сапынан 90+9 минутта Роберт Левандовски француздар қақпасына белгіленген пенальти кезінде ғана гол салды.