6 желтоқсанда сағат 11:00-де Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың қатысуымен ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиынға ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады деп күтіледі.
Оның қарсаңында этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша оқу жоспарын әзірлеушілер мен енгізушілер – тренерлердің пікірталас кездесулері өтіп, аймақтық оқыту семинарлары барысында анықталған өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ отырыс барысында ҚХА кеңесінің 2021 жылы қазан айында өткен кеңейтілген отырысының хаттамасын және ҚХА ХХХІ сессиясының шешімдерін іске асыру қорытындылары шығарылып, 2023 жылға арналған этномедиацияны одан әрі дамыту жоспары бекітіледі.