Астанада асық атудан дебюттік Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Пәкістан, Моңғолия, Үндістан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қатысушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төрт күндік жарыс барысында 80 қатысушы асық ату мен бес асықтан чемпион атағын сарапқа салды.
Асық атудан жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық екі команда бірінші және екінші орынға ие болды, ал «қола» медаль Қырғызстаннан келген қонақтарға бұйырды.
«Бес Асық» бағдарламасына қатысқан қазақстандық қыздар «алтын» мен «күміс» медаль еншілесе, Моңғолия әйелдер құрамасы үшінші атанды.