• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Желтоқсан, 2022

Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының мәйіті табылды

319 рет
көрсетілді

Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«4 желтоқсан сағат 21:25-те ВАЗ-21099 автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды», делінген тараған хабарламада.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.

Белгілі болғандай, бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ тіркелген. Тергеу жүріп жатыр. 

Аталған оқиғаны жергілікті БАҚ растап отыр.