• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Желтоқсан, 2022

Заң жобасы қаралды

352 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жастар сая­саты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заң жобасын талқылады.

Құжатта жастардың жас межесін 35 жасқа дейін ұлғайту, жастар ресурстық орталық­тары­ның функцияларын кеңейту, мем­лекеттік жастар саясатының негізгі бағыт­тарына жастардың цифрлық сауат­тылығын арттыруды және волон­терлік қыз­метті дамытуды қосу, сондай-ақ ба­ланың бір жарым жасқа тол­ғанға дейінгі күтімі бойынша жәр­демақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселелері қарастырылған.

Депутаттар бұл ережелер мем­ле­кеттік жастар саясаты мен әлеу­меттік қамсыздандыру сала­сын­дағы заңнаманы жетіл­діру­ге ықпал етеді деп санайды.

Сенаторлар кеңейтілген оты­рыс­­тың қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.