• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2022

Елдік ниет

139 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұр­ғындарына «Amanat» партиясы­нан кезекті гумани­тар­­лық көмек жі­беріл­ді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар.

Екібас­тұз­да бір аптадан астам уа­қыт­тан бері во­лон­тер­­лер штабы жұмыс істеп тұр. Штабта «Жастар ру­хы­ның» және өзге де ұйым­­дардың өкілдері жұмыс істейді.

«Осындай қиын кезде жағдайға бейжай қара­май кө­мекке келіп жат­қан ме­ценаттар, үкімет­тік емес ұйымдар, қазақс­тан­дық­тардың қата­ры көп. Екі­бас­тұздағы жылусыз қалған үйлерге 4,5 мыңнан астам жылытқыш жет­кі­зілді, оның 2,5 мыңы елі­міздің әр өңіріндегі ама­нат­тықтардың тарапынан берілді. Олардың әрқайсысы мұқтаж отбасы­лар­ға жеткізіледі. Бұл жұ­мыс, қаладағы жағдай то­лық тұрақталғанға дейін жал­ғасады», деп атап өтті «Amanat» партиясы Пав­ло­дар облыстық филиа­лының ат­қарушы хатшысы Илья Теренченко.

Ол гуманитарлық көмек бір орталықтан таратылатынын атап өтті. Жылытқыш алуға өтінімдер тек волон­тер­лер штабы немесе Екі­бас­тұз қаласы, Павлодар көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша қабылданады.