• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2022

Павлодар облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды

408 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды  Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шеккен. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ол ауруханада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Ас үй мен кіре беріс опырылып түскен.

Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.