• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2022

Павлодарда қонақүйден өрт шығып, 200 адам эвакуацияланды

168 рет
көрсетілді

Павлодарда «Сары-Арқа» қонақүйінің бірінші қабатында шыққан түтінге байланысты 220 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 03:18-де түскен. Орынға 5 бірлік техника, төтенше жағдай департаментінің 25 қызметкері, өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару жұмыстары, Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері аттанды.

«220 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Өрт 03.59-да оқшауланып, 04.06-да жойылды. Бір адам түтіннен уланып, Павлодардағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл 1969 жылы туған ер адам», деп хабарлады қалалық Төтенше жағдай департаментінен.