Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.
Елдің қалған бөлігі жауын-шашынсыз, ауқымды антициклонның ықпалында болады.
«Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – төмен қарлы боран, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – тұман болады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауады.