• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Желтоқсан, 2022

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

185 рет
көрсетілді

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап

12 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Солтүстікте екпіні 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстікте, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын күтіледі.

12-13 желтоқсанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында жел соғады. Таразда 12-13 желтоқсанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада таңертең солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с.

12 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз баяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.