Чемпионат Қазақстанның түкпір-түкпірінен 216 мықты спортшының басын қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауқымды спорттық шараға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың боксшылары қатысты.
Абай облысының боксшылары 2 алтын және 2 қола медальға ие болды:
- 1 орын Ермахан Жақпеков (71 келі)- 1 орын Ерасыл Жақпеков (80 кг)- 3 орын Бекнұр Ожанов (60 келі)- 3 орын Ернар Қарап (48 келі)
Қазақстан бокс тарихында Талғат Жақпеков бір чемпионатта екі бірдей ұлын чемпион дайындап отырған тұңғыш әке.