• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Желтоқсан, 2022

Әкімдердің тағы бір орынбасары болады

282 рет
көрсетілді

Облыс әкімдерінің тағы бір орынбасары болады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін аса маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс әкімдері орынбасарларының санын бір бірлікке дейін арттыру ұсынылады», деді Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар оның айтуынша, бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін белгіленген шектерде жүзеге асырылады.

«Бұл бағыттағы реформалар жалғасуда. Жаңа Бюджет кодексі әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде Блоктық бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу пысықталып жатыр. Құжат бюджет процесін түбегейлі оңайлатуға және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі орталықсыздандыруға бағытталатын болады. Құжатты келесі жылдың қыркүйек айында Парламентке енгізу жоспарлануда», деп қосты вице-министр.