ШҚО құтқарушылары ауа райының қолайсыздығынан өз көліктеріне жете алмай қалған балықшыларға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» қызметіне шақыру Ұлан ауданының «Сібе» көлінен келіп түскен. 3 балықшы көмек сұраған. Белгілі болғандай, олар ауа райының қолайсыздығына байланысты өз көліктеріне өздігінен жете алмаған. Балық аулаған жердегі түтек боран оларды тығырыққа тіреген. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының ТЖ 13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері сол жерге жаяу барып, үш адамды көл жағасына, олардың көлігіне жеткізген. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін еріп жүрген.
Құтқарушылар тұрғындардан тәуекелге бармауды және маршруттың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, мұздың қалыңдығы кемінде 10 см мұзға жеткенде ғана шығуды сұрады. Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.