• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда тағы бір партия тіркелді

1346 рет
көрсетілді

Елімізде «Республика» партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бұл барлық құқықтары бар партия.

«Бүгінгі күні «Байтақ» және «Республика» партиялары тіркелді. Бұл толықтай тіркелген партиялар, олардың барлық құқықтары бар. Басқа партиялармен жұмыс жалғасуда, олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір - құжаттары тиісті талаптарға сәйкес келмейді», деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Партияның құрылтайшылары мен жетекшілері қазақстандық белгілі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері.

«Республика» партиясының төрағасы болып Айдарбек Ходжаназаров, тең төраға болып Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев сайланды.

Партияның «Қайта бастау» деп аталатын бағдарламасы мемлекеттің барлық саласын және қазақстандықтардың өмірін қайта бастауға бағытталған. Партияның атауы латынның «республика» сөзінен аударғанда «ортақ іс» дегенді білдіреді.

30 қарашада Қазақстанда жаңа «Байтақ» партиясы тіркелгені белгілі болды. Партияның басты міндеті – еліміздің экологиялық мәселелерін шешу.