• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2022

Павлодарда мас күйде көлік жүргізудің 10 фактісі тіркелді

277 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Павлодар облысында 170 679 азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Оның ішінде 112 529 жол ережесін бұзу фактісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың негізгі бөлігі жүргізушілердің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету фактілері – 42 800-ден астам, әрқайсысы ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабына сәйкес жазаланды.

Көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 8323 жүргізуші анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 7902 жаяу жүргінші ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жолдың жүріс бөлігінің белгіленбеген жерден өткені үшін жауапкершілікке тартылды, әрқайсысы 2 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

Тек бір тәулік ішінде Павлодар қаласында мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 10 фактісі анықталды.