Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған», делінген хабарламада.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапармен баратыны 19 желтоқсанда белгілі болған еді. Мемлекет басшысы Президент Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты талқылайтыны хабарланды.