• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 22 Желтоқсан, 2022

Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады

200 рет
көрсетілді

Жыл сайын қазан-сәуір айларында республикада ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі тіркеледі. Эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жай-күйіне және тұмау вирусының айналымына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3-4 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі.

Қазіргі уақытта тұмауға қарсы вакциналардың штамдық құрамына кіретін жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен А(H1N1), А(H3N2) және В тұмауы вирустарының айналымы байқалады.

Барлығы ЖРВИ-дің 2,1 млн жағдайы және тұмаудың 1 834 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ жағдайларының 20%-ға өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі барлық өңірлерде байқалады және 65%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Әлемде А(H1N1), А(H3N2) және В тұмауы вирустарының белсенділігінің артуы байқалады. Еуропа елдерінде, АҚШ-та А тұмауының вирусы басым болып тұр, оның ішінде А(H3N2) тұмау жағдайларының 83% құрайды, Азия елдерінде тұмаудың жергілікті өршуі тіркелген.

Тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен бірге жүреді. Дененің айқын интоксикациясы пайда болады, оның келесі белгілері бар: қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің астындағы ауырсынумен құрғақ жөтел.

Кез-келген басқа вирустық инфекцияда (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалар) әдетте катаральды белгілер басым болады, яғни мұрыннан су ағу басталады, тамақ ауырады, содан кейін ғана осы катаральды құбылыстардың аясында температура пайда болады.          

Балаларға арналған алдағы мерекелер мен демалыстарды ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын есте ұстаған жөн, мәселен:

Науқас адамдармен байланысты шектеңіз, олардың оқшаулануын қамтамасыз етіңіз; Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, әсіресе жабық кеңістіктерде болуды шектеңіз; Жөтелгенде, түшкіргенде және сіңбіргенде аузыңыз бен мұрныңызды орамалмен жабыңыз, айқайламауға, сілекей шашпауға, құшақтамауға немесе сүймеуге тырысыңыз, өйткені шырыш пен қақырық тамшылары инфекцияның негізгі көзіне жатады; Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз, бөлмелерге жиі ылғалды тазалау жүргізіңіз, ортақ қолданыстағы заттардың (есік тұтқалары, крандар және т.б.) және барлық нәрселердің беткі жағын үнемі сүртіңіз; Қолды жиі және мұқият жуыңыз, қолыңызды үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз.