• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 160 адам түрмеге қамалды

356 рет
көрсетілді

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев ведомство қаңтар оқиғасына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, бүгінде 1249 адам сотталған. Олар негізінен қару ұрлап, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан.

«Бас бостандығынан айырылған сотталушылардың саны 160-қа жетті. Қалғандарына жеңіл жаза тағайындалды», деді Тимур Тәшімбев.

Бұдан басқа, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке және ҰҚК-нің басқа да басшыларына қатысты істер сотқа жолданды. Олар билікті басып алуға, мемлекетке опасыздық жасауға тырысты деп айыпталды.

«Алматы және Қызылорда облыстарының ұлттық қауіпсіздік және полиция органдары департаменттерінің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды. Азаптау бойынша Алматы мен Талдықорғанда ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық істер аяқталды. Оның 17-сі бойынша істер сотқа жіберілді», деп қосты Бас Прокурордың бірінші орынбасары.