Кеше Қарағанды облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теміртау қаласынан 8 шақырым жерде сағат 23:55-те ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен төрт адамды құтқарды. Құтқарылған адамдар Теміртау қаласына жеткізілді.
Сондай-ақ Абай ауданындағы Сасықкөл көлінде балық аулап жүрген екі балықшы қар құрсауында қалған. Ер адамдар ТЖД күштерімен құтқарылып, Новодолинка ауылына жеткізілді.
Бұқар Жырау ауданында тағы екі балықшы құтқарылды. Балықшылардың көлігі Ащысу су қоймасы маңындағы қар көшкінінде қалып қойған.
Нұра ауданының Балықтыкөл ауылында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен туыстарының күшімен 1980 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 11:00-де мал іздеуге қарда жүргішпен шығып, оралмаған. 22 желтоқсан күні сағат 04:19-да іздестіру тобы жоғалған адамды Балықтыкөл ауылынан 20 км қашықтықта тапты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.