• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Желтоқсан, 2022

Іс-шаралар жоспары мақұлданды

224 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰ ДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар биыл­ғы ведомствоаралық жұмыс топ­тары қызметінің қоры­тын­ды­сын, Алматы қала­сында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Премьер-министр өз сө­зінде Орнықты даму мақсат­та­рының қағидаттарын енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың барлық саласында үздік ха­лық­аралық стандарттарды қабыл­дау­ға бағытталғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда келесі жылға арналған нақты міндеттер белгі­ленд­і, оларды біртіндеп іске асыру керек», деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-министр биылғы шілде айында Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен жоғары деңгейдегі саяси форум­да ведомствоаралық жұ­мыс топтарының, үкіметтік емес сектордың, сарапшылар қоғам­дас­тығының және халық­ара­лық ұйымдардың белсенді қа­ты­суымен жасалған 2030 жылға дейінгі орнықты даму сала­сын­дағы екінші Ерікті ұлттық шолуды сәтті таныстырғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, құжат Қазақстанның өткен үш жылдағы жетістіктерін кешенді бағалайды.

Шетелдік әріптестер рес­пуб­ликада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеу­меттік-экономикалық сала­ның негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айт­ты.

Отырысты қорытындылай келе, Ә.Смайылов Үйлестіру кеңесінің мүшелері айтқан ұсыныстар әрі қарай Үкіметтің жұмы­сында ескерілетінін атап өтті, сондай-ақ мүдделі мемле­кет­тік органдар мен ұйымдарға 2023 жылға арналған орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос­па­ры­ның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетелік, Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Орнықты даму мақсаттарын 2015 жылы кедейлік пен теңсіздікті жою, қоршаған ортаны қорғау, адамзаттың өркен­деуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылға шақыру мақсатында қабылдады. Бар­лығы 17 бағыт анықталды, оларды іске асыру экономика мен әлеуметтік өмірдің негізгі салаларының дамуына әсер етеді. ТДМ жетістігінің мо­ниторингі – БҰҰ және Қазақ­стан Үкіметі өкілдерінің тұрақты ба­қылауында.