Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» бекітілмек. Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Ол әсіресе ақпараттық тұжырымдамаға сай жаңартылуы керек.
Әлеуметтік желілер, дәстүрлі медианың, интернет-БАҚ-тың артта қалуы, көкейкестілігінің азаюы нәтижесінде бүгінде киберқауіпсіздік мәселесіне келгенде көптеген мәселеге келіп тірелеміз. Мысал ретінде фейк ақпараттардың көптеп таралуын, ақпараттық шабуылдардың үдеуін айтуға болады. Осының барлығына төтеп беру үшін бізге нақты бағыт-бағдар қажет.
Ақпараттық саясат бірнеше мәселені қамтуға тиіс. Біріншісі, жеке мәліметтерді қорғау. Екіншісі, әлеуметтік желілердегі өшпенділік пен тіл мәселесі. Ол көбіне еліміздегі ұлтаралық кикілжіңнің кесірінен ушығып кетіп жатады. Үшіншісі, отандық ақпараттық кеңестіктің әлемдік ақпараттық кеңістікпен сәйкес дамуының бағыт-бағдары. Аталған мәселелер негізінде мемлекет алдындағы міндет пен мақсат жүзеге асырылатын болады. Алдағы уақытта еліміздегі киберқауіпсіздік, ақпараттық саясаттың даму бағыты көзделеді.
Қазбек Майгелдинов,
Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы