• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Желтоқсан, 2022

Жаңа дәуір – жаңа медиа

360 рет
көрсетілді

Елімізде масс-медиа қарқынды дамып, жаһандық үдерістермен қатар жүріп жатыр. Сондықтан отандық БАҚ-тың даму бағытын айқындап, Тұжырымдама жасау күн тәртібінен туын­дап отырған қажеттілік. Ақ­па­рат – идеялар ағы­ны. Сәт сайын Қазақстанның ақ­па­рат нарығында үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезде ақпарат қоғамға әсер ететін үлкен күшке айналды. Бүгінде уақыт талабына сай тың идея мен тұжырым керек. Бұл ретте, ақпараттық доктринаның бекітілуі еліміздің медиа саласына тың өзгерістер әкеледі деп сенемін.

ХХІ ғасырдағы ақпараттық дә­уір­­дегі, интернет заманындағы техно­ген­дік, технологиялық қауіп­терге да­йын болатын жаңа мүм­кін­діктер мен кәсіби мамандарды даярлау маңызды. Елімізде ақпараттық доктринадан бөлек, БАҚ туралы заң жобасы әзірленіп жатқаны белгілі. Бұл медиа саласының қоғамдағы рөлі маңызды екенін айқындайды.

Әлемдегі соңғы тенденцияларға сай ақпараттық соғыста кім жеңе алады, жеңіс те, ықпал да, қо­ғам­дық пікір де соның жағында болмақшы. «Гибридтік соғыс» деген жаңа термин пайда болды. Осыны ескеретін болсақ, бірін­шіден, біздің ақпаратымыз өзі­міздің нарығымызды түгелдей қам­тамасыз ете алатын нарық болуы керек. Сол себепті ақпараттық ке­ңістігімізді нығайтамыз десек, бі­рін­шіден, отандық ақпарат өз на­ры­ғы­мыз бен ішкі сұранысты түгелдей қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, әлемге шыға алатын деңгейге кө­те­рілуі ауадай қажет. Сонда ғана, біз а­қ­параттық тұрғыдан әлемге жа­қын­дай түсеміз.

 

Марат Бәшімов,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы