• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Желтоқсан, 2022

Моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспар бекітілді

409 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы.

Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту қажет. Елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу қарастырылған.

Сонымен қатар жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру жұмыстары ұсынылады.