• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Желтоқсан, 2022

Елімізде бала дәрігерлері жетіспейді

273 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник медицина саласындағы маман тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде Қазақстанда 300-ге жуық бала дәрігері жетіспейді. Вячеслав Дудник бұл мәселені шешу мақсатында қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді. 

«Біріншіден, біз ЖОО-ға студенттерді қабылдауды арттырып жатырмыз. Екінші мәселе - резидентура бойынша орын санын көбейту. Үшінші мәселе - дәрігерлердің мотивациясын арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дәрігерлердің жалақысы жыл сайын 30 пайызға және медбикелердің жалақысы 20 пайызға артады. Ауылдық жерлерде дәрігерлер жетіспейтінін ерекше атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы билік облыс әкімдері атынан жергілікті бюджеттен ақша бөледі. Ақша, негізінен, өңірлерде реттеле бастайды. Менің ойымша, алдағы жылдары дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі шешімін табады», деп түсіндірді ол.