• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2022

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта басталады

273 рет
көрсетілді

2023 жылдан бастап жеңілдетілген автонесие бойынша барлық қолданыстағы бағдарламалардың шарттары бірыңғайланады. Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Азаматтарға ыңғайлы болу, тең жағдайларды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін екі қолданыстағы бағдарламаның оңтайлы нұсқалары пайдаланылады. Бұл тәсіл қазақстандықтарға біркелкі және ашық ережелерге сәйкес отандық өндірістің жаңа көліктерін сатып алуға көбірек қаражат ұсынады», делінген хабарламада.

Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі - шамамен 13 млрд теңге. Бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты ай сайын бөлу жоспарланып отыр.