Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері есірткі сақтаған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 53 жастағы тұрғынның тұрғылықты жеріне тексеру жүргізу барысында екі литрлік банкадағы ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тапты. Ол оны моншасына жасырған.
Сол күні Ақсай қаласында полицейлер тағы 60 жастағы ер адамды ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша 3 үш литрлік, 1 екі литрлік және бір 250 грамм банка табылған.
Тәркіленген ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ерекше заттың сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Осы екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.