• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Желтоқсан, 2022

Электромобильдер үшін тегін тұрақ орындары пайда болады

336 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев электромобильдерге көшуді ынталандыру бойынша жол картасында көрсетілген шаралар жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр электромобильдерге көшуді ынталандыру жөніндегі жол картасында  келесі іс-шаралар көзделгенін нақтылады:

Газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне қарай дизель отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері); Электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту және ынталандыру іс-шаралары (жауапты орындаушы - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері); «Электромобильдер тұрағы» арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдер үшін тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда тегін тұрақ орындарын бөлу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері).