Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданында жылу беру тоқтатылды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«26 желтоқсан күні сағат 11:30-да жалпы ұзындығы 3045 метр және диаметрі 426 мм магистральдық жылу құбырында жылу беру уақытша тоқтатылды. №40 орта мектеп жылудан ажыратылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу қайта қосылады», деді Темірлан Әубәкіров.
Оның айтуынша, жылу құбырын жөндеуді «Атырау жылу желілері» АҚ жүргізеді.
«Атырау жылу желілері» АҚ вице-президенті, бас инженер Әлібек Темірғалиевтің айтуынша, жөндеу жұмыстарына 15 қызметкер мен 5 бірлік техника тартылды.