• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Желтоқсан, 2022

Күн тәртібі нақтыланды

291 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқы­лауы­на бірінші оқылымда Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерлердің пайдала­нылуы мен қорғалуын мем­ле­кеттік бақылау мәселе­лері бойынша өзгерістер мен то­лықтыру енгізу туралы заң жобасы ұсынылады.

Тиісті заң жобасында жер заңнамасының жекелеген нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу және жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға әкімшілік істерді қарау және тиісті жаза қолдану өкілеттіктерін беру көзделген.

Сонымен қатар күн тәр­ті­бінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификация­лау туралы заң жобасы бар.

Алдағы жалпы отырыс­та депутаттар бірқатар заң жо­ба­сын жұмысқа алады. Бұл –Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекске түзе­тулер, экологиялық таза көлік­ті таны­мал ету және электромо­биль­дерге арналған инфра­құ­ры­лым­ды дамыту мәселелері тура­лы және резервтегі қызмет мәселе­лері туралы заң жобалары.