• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Желтоқсан, 2022

Бүгін ауа райы қандай болады?

373 рет
көрсетілді

Қазақстандық синоптиктер 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің қиыр солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғып, 1-6 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -16...-18°С, күндіз -8...-10°С.

Алматыда да күн жауын-шашынсыз болады. 0-5 м/с жел соғып, түнде ауа температурасы -6...-8°С, күндіз +1...+3°С болады.

Шымкентте ауыспалы бұлттылық байқалады. Таңертең және түстен кейін жауын-шашын жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0...-2°С, күндіз +7...+9°С жетеді.