25 желтоқсаннан бастап Алматыда жолдардың апатты және жоғары жылдамдықтағы учаскелеріне «Kris-P» мобильді фоторадар жүйелері орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жүйенің тиімділігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала жолдарындағы апатты жағдайларды азайтуға, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар санын азайтуға, шығынды азайтуға және жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұл жүйе «Борышкер» ОПМ-ны дамыту шеңберінде пайдаланылады, оның аясында облыстың барлық аумағында, оның ішінде «борышкерлерді» мақсатты түрде анықтау үшін Kris-P техникалық құралдарын пайдалана отырып, республикалық маңызы бар жолдарда рейдтер жүргізілетін болады.
ПД айтуынша, «Алматы – Көкпек – Көктал» және «Алматы – Бішкек» бағытындағы тасжолда жол апаты көп тіркеледі.