• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Желтоқсан, 2022

Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

284 рет
көрсетілді

Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 желтоқсанда Абай облысында, Семей қаласында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен және Риддер қалаларында – екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады.