• RUB:
    5.4
  • USD:
    464.72
  • EUR:
    496.32
Басты сайтқа өту
Президент 28 Желтоқсан, 2022

Президент жаңа заңдарға қол қойды

413 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.