• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй тағы жылусыз қалды

310 рет
көрсетілді

Қалада жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Екібастұз қаласының кейбір бөлігінде жылу уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС хабарлауынша, компания мамандары 29 желтоқсанда құбырды ауыстыру үшін Сейфулин көшесі, 40 мекенжайындағы орамішілік жылу желісін өшіреді.

«Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Сейфулин 3, 2, 36, 38, 40, 42 көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге жылу берілмейді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Целинная көшесі, 46-48 бойындағы орамішілік жылу желілері жабылады. Сондықтан Целинная көшесі, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56 бойындағы жеке тұрғын үйлерде жылу болмайды. Сонымен қатар 29 желтоқсанда желдің салдарынан Воскресенский өткелінен Абай 2, 4 көшелеріне қарай орамішілік жылу желісі сағат 17:00-ге дейін ажыратылды. Абай көшесі, 2, 4, 6, 8, 10 жеке үйлер жылусыз қалды.