• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Желтоқсан, 2022

Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты

267 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың адвокаттары бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстыруды сұрады. Алайда сот өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қатысушылардың пікірін тыңдағаннан кейін сот келесі қорытындыға келді. ҚР ҚІЖК-нің 153-бабының талаптарына сәйкес, бұлтартпау шарасы қажеттілік болмаған кезде немесе ҚР ҚІЖК-нің 136, 138-баптарында көзделген негіздер, мән-жайлар өзгерген кезде жойылады. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен Боранбаев пен Нахановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берілді», деді Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова.

Оның айтуынша, Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалды.

«Наханов пен Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертудің негіздері мен мән-жайлары жоқ. Қорғаушылардың қолдаухаттарында олардың қорғаушыларының денсаулығының нашарлауы бөлігінде дәлелдермен сотталушылар медициналық көмек көрсету үшін қамауда ұсталатын медициналық пунктке жүгінуге құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 147-бабының 1-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы ретінде судьяның санкциясымен және қылмыс жасауда заңмен 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген сотталушыларға қатысты ғана қолданылады», деп атап өтті судья.