Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды демалыс күндері электр құралдарына абай болып, электр энергиясын ұтымды пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан электр энергиясына тапшылықты бастан кешіріп жатыр, оны қазір Ресейден алып жауып жатыр. Сондықтан демалыс күндері электр құрылғыларына абай болып, ұтымды пайдаланыңыздар.
Ұсыныс ретінде электр құрылғыларымен абай болыңыз. Екіншіден, ақылға қонымды тұтыну болуы керек. Кез келген электр құрылғыларын сақтаудың қажеті болмаса, оларды өшірген дұрыс», деп түсіндірді Болат Ақшолақов.