• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Желтоқсан, 2022

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ ашылды

461 рет
көрсетілді

Анкарада Қазақстанның белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, арнайы саябақ ашылып, ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут муниципалитетінің әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджажы, Анкарадағы түркітілдес мемлекеттер Елшіліктерінің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс, зиялы қауым, қазақ диаспорасы қатысты.

Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен ескерткіштің ашылуына үлес қосқан Етимесгут муниципалитетінің төрағасы Енвер Демирелге және қызметкерлеріне, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арсланға, сондай-ақ Астана әкімдігіне алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілді.