Синоптиктер 5-7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті Атлантикалық циклон айқындайды. Республиканың барлық аумағында жауын-шашын, қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15 аяздан 15-25 аязға дейін, күндіз 10-20 аяздан 2-10 аязға дейін ауытқиды. Батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз 5 жылы 5 аяздан 0-11 аязға дейін төмендейді. Орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0-8 аяздан 5-13 аязға дейін төмендейді. Күндіз 0-8 аяз, оңтүстікте ауа температурасының негізгі фоны күндіз 3-13 жылы, ал оңтүстік-шығыста 0-8 жылы болады.