• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қаңтар, 2023

Декларацияны тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды

278 рет
көрсетілді

Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Egemen.kz Мемлекттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Электрондық үкімет» порталында (Е-gov.kz) «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды.

Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодексінің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша өткізіледі.

Биыл аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады. 

Еске сала кетейік, декларацияны тапсыру мерзімі:

15 шілдеге дейін – қағаз түрінде

15 қыркүйекке дейін – электронды түрде

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны биыл мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.